Атырауға Астраханнан келген 7 адамнан коронавирус анықталды

whatsapp image 2020 05 29 at 15.33.30 3 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырауда 6 қазаннан бері Ресейдің Астрахан облысынан келген 7 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтың айтуынша, Қазақстан аумағына Ресей Федерациясының Астрахан облысынан 6 қазаннан бері шекарадағы өткізу пункті арқылы 13 мыңнан астам адам келген.

«Оның ішінде 1 656 адамда – 210 жолаушы мен 1446 жүргізушіде ПТР-тесттен өткені туралы анықтама болған жоқ. Олардың бәрі карантиндік стационарға жатқызылды. Ал, 6 жүргізуші мен бір жолаушының ПТР-тест қорытындысы коронавирусқа оң нәтиже көрсетті. Науқастың бәрі емделуге жіберілді», – дейді Амантай Жұмағалиев.

Атыраудағы Х.Доспанова халықаралық әуежайына келген жолаушылардан коронавирус инфекциясы тіркелмеген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз