COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар
Атырауда ПТР-зерттеу саны 800 мыңнан асты
Наурыз айындағы орташа тәуліктік зерттеу 3 769 тестті құрайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, облыста тәулігіне 8300 зерттеу жүргізу мүмкіндігі бар 15 ПТР зертханасы жұмыс істеуде.
Індет басталғаннан бері облыста 803 521 ПТР-зерттеу жүргізілді, оның ішінде наурыз айында — 71 мың тест. Бұл республикада жан басына шаққанда жүргізілген зерттеулер бойынша ең жоғарғы көрсеткіш.