Атырауда өткен тәулікте 95 адам КВИ жұқтырды
ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 95 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ.
Атырау облысында өткен тәулікте 95 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 25-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 58 жұмысшыдан, Мақат — 4, Махамбет -2, Құрманғазы ауданында 6 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14-інде ауру симптомды түрде өтуде. Олардың 3-інде коронавирус жұқпасы медициналық тексеріс кезінде анықталса, 2 адам науқаспен байланыста болған. Ал, 9 адам аурудың клиникалық белгісіне қарай медициналық мекемеге өздері жүгінген.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар тіркелмеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта 307 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 71
науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 13, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 308 адам ем қабылдауда.