Атырауда бір тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды

atyrau1 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Вирус расталғандардың ішіндегі 65 адам Атырау қаласының тұрғындары. 9 науқас Теңіз кенішінен анықталып отыр» деп хабарлайды Atr.kz

«Соңғы тәулікте вирус Жылыой ауданының 2, Индер ауданының 4, Исатай ауданының 1, Құрманғазы ауданының 4 тұрғынынан расталды. Ауру 33 науқаста симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте коронавирустан 131 адам сауығып шықты» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда инфекциялық стационарларда 593 адам коронавирус және вирусты пневмониядан емделуде.

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығы бойынша Атырау әзірге «сары аймақта».

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз