Жалғыз жортқан жолаушы

Velozhoryi Жаңалықтар

Ұлттық қауіпсіздік саласында еңбек еткен 53 жастағы қостанайлық Қайрат Ырғызбаевтың алға қойған мақсаты – велосипедімен кең байтақ Қазақстанды аралап шығу.

????????????????????????????????????

Ол бұл сапарға Қостанай қаласынан 14 маусым күні шыққан. Күннің ыстығы мен суығына, дауылы мен жауынына төтеп беріп, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының елді мекендерін жүріп өткен. Кеше Атырау топырағына жеткен оны қала жұртшылығы күтіп алды. Жол бойы жалғыз жортып келе жатқан жолаушыға жергілікті әуесқой велошабандоздар қосылып, көк туымызды желбіреткен велотоп Бейбарыс алаңында аялдады.

Жанарын жел қағып, жүзін күн қақтаған қайсар ардагер батырлар еліне аяқ басқанына марқайып тұрғанын жеткізді.  Қостанайдан Атырауға дейін 1992 шақырымды еңсерген. Ақтауға дейін жетуді көздегенмен, ауа райының күрт ысып кетуіне байланысты сапарын Атыраудан аяқтамақ. Қажырлы жолаушы осы жолғы көпкүндік велосапарын Астана қаласының 20 жылдығына арнапты.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз