COVID-19: Соңғы поштадан...
АТЫРАУДА 2 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛА КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҒЫП ШЫҚТЫ
Емдеуші дәрігердің айтуынша, бала бұған дейін сал ауруы (ДЦП), жүйке жүйесі атрофиясы, микроцефалия диагнозымен есепте тұрған, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
“Науқас 2021 жылдың 26 тамыз күні дене қызуының көтерілуі себепті Атырау облыстық балалар ауруханасына түсті. Баланы тексеру барысында компьютерлік томография өкпенің 12 пайызы зақымдалғанын анықтады. Сол себепті, науқас №2 Атырау облыстық ауруханасына ауыстырылды” делінген Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз- қызметі таратқан мәліметте.
- Балада құрысудың айқын белгілерінің болуы әсерінен, ол 31.08.-03.09 аралығында жансақтау бөлімінде жатты. Тиісті ем-шаралар көрсетілді. 10 қыркүйек күні дене қызуы түсіп, ауруханадан толық жазылып шықты, -деді емдеуші дәрігері Назерке Төлетаева.
Есімін жасыруды өтінген баланың ата-анасы дәрігерлерге алғысын айтып, халықты қауіпті індеттен қатаң сақтауға шақырды.