Атырау «қызыл аймақта»: Өткен тәулікте 84 адамда коронавирус анықталды
Атырау облысында өткен тәулікте 84 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 78 жұмысшыдан, Қызылқоға — 2 Мақат ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 10-ында ауру симптомды түрде өтуде.
Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 51 адам емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 367 адам үй жағдайында емделуде.
Облыстық инфекциялық стационарда 85
науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 36 адам оқшауланып, ем қабылдауда.
Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта» қалып отыр.