Алдағы үш күнде елімізде қайтадан күн салқындайды

Жаңалықтар

Синоптиктер алдағы үш күнде елімізде күн салқындайды деп болжап отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

pogudxqgt3sa4gvhg.0c6fcec9

Кавказ аумағынан жылжып келе жатқан антициклон әсерінен Батыс Қазақстан аумағында алдағы үш тәулікте ауа райы жауын-шашынсыз болады және жылынады деп болжануда.

Еліміздің қалған аймақтарында полярлы атмосфералық фронттар арктиканың суық фронттарына ұласады. Осы фронттардың әсерінен, жаңбырлы, найзағайлы ауа райы күтіледі.

Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел және ауа райының салқындауы байқалады.

Егер өткен тәулік, 25 сәуірде, ауа температурасы (батыс аудандарды қоспағанда) 4-8ºС нормадан жоғары болса, 28-29 сәуірде еліміздің орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында температура климаттық нормадан 2-5ºС дейін төмендейді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз