Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Атырау «қызыл аймақта»: Өткен тәулікте 104 адамнан коронавирус анықталды

Атырау облысында өткен тәулікте 104 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Atr.kz

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 26-сы  Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 69 жұмысшыдан,  Қызылқоға-1, Жылыой-4, Құрманғазы ауданында 4 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 22- інде ауру симптомды түрде өтуде.

«Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 54 адам  емделіп шықты.
Қазіргі уақытта 248 адам үй жағдайында емделуде.  Облыстық инфекциялық стационарда  104  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 42,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 814 адам оқшауланып, ем қабылдауда» делінген Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан мәліметте.


Айта кетейік,  қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «қызыл аймақта»  қалып отыр. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button