Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің ЖАҢА ҚАУЛЫСЫ шықты (толық нұсқасы)

111 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысының Бас мемлекеттік мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары жәнеоларды кезең-кезеңіменжеңілдету туралы» қаулысынаөзгерістер мен толықтыруларенгізу туралы

Тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтау және мереке күндері қарсаңында Атырау облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық  инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес                

    ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

         1. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

  1. 1 а тармақпен толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«1а. Барлық меншік түріндегі ұйымдарға, кәсіпорындарға мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге, орта және жоғары білім беру ұйымдарына:

          – көпшілік іс-шаралар (ертеңгіліктер, мәдени, тәрбиелік, сыныптан тыс және ата-аналар жиналыстарын және т.б.) өткізуге тыйым салынсын;

         – мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында топтар мен сыныптарды біріктіріп іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын;».

2) 6-тармақ пен 1,2-қосымша өзгертілсін, толықтырылсын және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметінің өлшемшарттарына сәйкес қызметке рұқсат етуді осы қаулының2-қосымшасынасәйкес қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған адамдар) рұқсат етілсін.

Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері қызметкерлер мен келушілерде қауіпсіз «жасыл мәртебе» болған жағдайда (вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР тест, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылған) жұмыс және демалыс күндері штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтауды қамтамасыз етсін»;

3) 10-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«10. Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы, «Атамекен» ӨКП:

10.1. бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қабылданатын шаралар туралы ақпараттық қолдауды, адамдардың, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданған шешімдердің маңыздылығы мен өмірлік қажеттілігін түсіндіруді;

10.2. осы Қаулыны барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілері мен қала халқының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін».

4)  12-тармақ өзгертілсін және мынадай редакцияда мазмұндалсын:

«Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық басқармалары, Атырау облысының Полиция  департаменті, Атырау қаласы және аудандар әкімдері осы қаулының орындалуына  күшейтілген бақылауды қамтамасыз етсін.».

      5)  Осы қаулы 2021 жылғы 10 желтоқсан сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Атырау облысының

Бас мемлекеттік санитариялық

дәрігері                                                                                                  М.Танауов

                                                                                                    

 Атырау облысының Бас мемлекеттік

 санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы  8 желтоқсандағы

№24 қаулысына

1-қосымша

«Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеу өлшем шарттары

Объектілер/салалар ****Жасыл аймақ
123
  Мейрамхана, дәмхана және кофехана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)*ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай
Алкогольдік ішімдіктерді сатпайтын асханалар типіндегі қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайда)+ тәулік бойы
 Жазғы алаңдар+
Фуд-корттарü толтырылуы 30%-ға дейін, бірақ 50 орыннан асырмай
Банкет залдары** (ас беруді өткізу үшін)ü бір адамға кемінде 4 ш. м., 50%-дан асырмай толтырылған кезде
Банкет залдары** (мейрамханалар және дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету)ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 70 орыннан асырмай
 Сауналар, моншалар+
 СПА-орталықтар+
 Бассейндер+
 Спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес-орталықтар, йога-орталықтарды қоса алғанда+
  Мәдениет объектілері (дайындық)ü 100 адамға дейін, сондай-ақ екі компонентпен вакцинацияланған адамдар
  Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, филармониялар *ü 50%-дан асырмай толтыру
 Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдар+
 Облысаралық және обылысішілік тұрақты тасымалдар+
 Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар+
 Бильярдü 50%-дан асырмай толтыру
 Компьютерлік клубтар, PlayStation клубтарын қоса алғандаü 60%-дан асырмай толтыру
 Боулингü 50%-дан асырмай толтыру
Караокеü 50%-дан асырмай, бірақ 60 адамнан асырмай толтырған кезде
 Океанариумü Топтық экскурсияларға рұқсат беру (15 адамнан артық емес)
 Ерікті қатысушылар (киноиндустрия, ұйымдар, кеңселер және басқалар)жеңілдіксіз
 Лотерея клубтар және лотерея сататын өзге де орындары ü бір адамға кемінде 4 ш.м.,бірақ  60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
 Алаңы 1000 ш.м-ді дейінгіні қоса алғанда болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  70 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде  
Алаңы 1000 ш.м-ден астам болатын балалардың (жабық) ойын-сауық орталықтары ü бір адамға кемінде 10 ш.м.,бірақ  120 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде  
 Цирктерü 50%-дан артық емес толтырылған кезде
 Отельдер, қонақ үйлер+
 Әуежайлар+
 Теміржол, автомобиль және су  вокзалдары, өзен және теңіз порттары, автостанциялар, автомобиль өткізу жолдары, жолаушыларға қызмет көрсету пункттері+
 ХҚО+
 Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері+
 Базарлар (жабық)+
 Балаларды сауықтыру ұйымдары+
 Букмекерлік контораларü бір адамға кемінде 4ш.м.,бірақ  60 адамнан асырмай алаң қамтамасыз ету кезінде
 Cұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр қызметтерін көрсету, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсету салондары (жазылу бойынша)+
 Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру объектілері (қызметкерлер (персонал)+

«+» – қызметіне рұқсат етілген;

 «ü« – қызметіне ішінара рұқсат етілген (шектеулермен);

«-» – қызметіне тыйым салынған;

* –  толтыруға қойылатын талаптар ҚР БМСД-ның 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысымен бекітілген объектілерге қойылатын талаптарда айқындалған.

** – банкет залдары ас беруді өткізу үшін және мейрамханалар, дәмхана типі бойынша келушілерге қызмет көрсету үшін жұмыс істейді.

*** – «қоңыр-қызыл» аймақ – тәуекел деңгейі өте жоғары аймақ (инфекциялық төсек-орындармен  толтырылу көрсеткіші 70% – дан жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 200-ден астам төсек-орынмен толтырылу көрсеткіші кезінде);

**** – тұрғын үй ғимараттарының үй-жайларында және тұрғын үй құрылысы аумақтарында шу көтерілетін объектілердің қызметі сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, ойын-сауық мекемелерінде-жұмыс күндері сағат 22-ден таңғы 9-ға дейін, демалыс және мереке күндері сағат 23-тен таңғы 10-ға дейін шектеледі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексінің 113-бабының 7 және 8-тармақтарына сәйкес);

***** – облыстық және республикалық маңызы бар қалаларда сағат 9-00-ден 20.00-ге дейін жұмыс режимімен ХҚКО-ның кезекші бөлімшелерін ұйымдастыруға жол беріледі.»;

Атырау облысының Бас мемлекеттік

 санитариялық дәрігерінің

2021 жылғы  8 желтоқсандағы

№24 қаулысына

2-қосымша

        «Жасыл мәртебесі» болған кезде «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің өлшемшарттары

р/н           Объектілер/сала ****Жасыл аймақ
124
1.Салтанатты, есте қаларлық, отбасылық іс-шараларды өткізу (банкет, үйлену тойлары, мерейтойлар)ü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай
2.Көптеген адамдар жиналатын конференциялар, форумдар, ойын-сауық және басқа да іс-шараларü толтырылуы 50%-ға дейін, бірақ 100 орыннан асырмай
3.Көрмелерü толтыру деңгейі 70%-дан көп емес, бірақ бір уақытта 500 келушілерден аспауы керек
4.Марафондар (ашық ауада)ü 1000 адамнан асырмай
5.Көрермендер қатысатын спорттық іс-шараларü толтырылуын 80%-дан асырмай
6.Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары (жаттығулар)ü толтырылуын 50  %-дан асырмай,
7.Діни объектілер (жабық үй-жайларда ұжымдық құдайға құлшылық ету)ü толтырылуын 50%-дан асырмай,
8.Ойын клубтары (казино)+
9.Сауда-ойын сауық орталықтары, сауда үйлері+

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз