33 науқас реанимацияда: Атырауда бір тәулікте 133 адамнан коронавирус расталды

Оның ішінде, 96 науқас Атырау қаласынан анықталып отыр. Теңіз кенішінен 10 адамнан инфекция расталды.

«Соңғы тәулікте Жылыой ауданынан 10, Қызылқоға ауданынан 5, Индер ауданынан 7, Құрманғазы ауданынан 3, Махамбет ауданынан 1, Мақат ауданынан 1 тұрғыннан инфекция анықталды.

65 науқаста инфекция симптомды түрде өтуде» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Өткен тәулікте коронавирустан 86 емделуші сауығып шықты.

Еске сала кетелік, коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау «қызыл аймақта» қалып отыр.

Баян Жанұзақова

2
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз