
Атырау облысында 92 адамда коронавирус анықталды
Бұл тәулікте облыста 92 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 24-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 57 жұмысшыдан, Құрманғазы ауданында 11 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 14- інде ауру симптомды түрде өтуде.
Атырау облысының эпидемиологиялық-санитариялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте 134 адам қауіпті індеттен жазылып шықты, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Қазіргі уақытта 240 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 98 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 27, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 803 адам ем қабылдауда.