Атырау мұнай өңдеу зауытында санитарлық режим күшейтілді

200223092627910e COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/3 сәуір, 2020 жыл.  Коронавирустық инфекциянын алдын алу мақсатында АМӨЗ-де санитарлык режим күшейтіліп, зауыт аумағы мен әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарды залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Ол үшін 5 электр аппараттары, 40 кг ға жуық химиялық реагенттер, арнайы киімнің 80 дана жиынтығы мен бетперделер сатып алынды. Зауытқа клинингтік қызмет көрсететін «АЙZA-Сервис» ЖШС және «Газстройпроект» ЖШС мердігерлік ұйымдарының қызметкерлері қатарынан 5 бригада құрылды. Залаласыздандырушыларға зауыт аумағында жүріп-тұру үшін арнайы көлік бөлінген. Сонымен қатар, барлық ғимараттар мен бөлмелерде, сондай-ақ адамдар көп шоғырланатын орындарда дезинфекциялық құралдарды пайдалана отырып, ылғалды тазалық жұмыстары жиіледі.

Зауыттың екі кіре берісінде ауысым персоналының дене температурасын күнделікті өлшеу үшін тепловизорлар орнатылды, 20 дистанциялық қызу өлшегіштер сатып алынды. Санитарлық тораптар, тамақтану бөлмелері, операторлар бөлмесі және үнемі адамдар жиналатын басқа да орындар антисептикалық құралдары бар дозаторлармен қамтамасыз етілген. 36000 медициналық маскалар, » 3М » маркалы 20 000 респираторлар, жалпы 780 литр антисептикалық құралдардан 127 дана, 50мл жеке антисептикалық гельдердің 500 данасы сатып алынды.

Қазіргі таңда  өндірістік емес сектор қызметкерлерінің 86% қашықтықтан жұмыс істеу форматына көшірілді.

http://atr.kz/bez-rubriki/қazaқstanda-әskeri-mindettiler-arnauly-zhiyndarғa-shaқyrylady-video/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз