Атырауда «Теңіз» кенішінің екпе алған жұмысшылары вахталық ауысымда ПТР тест тапсыруға міндеттелді

1 17 COVID-19: Соңғы поштадан...

«Вахталық ауысымға кірерде коронавирусқа қарсы толықтай екпе алғандарға ПТР тест тапсыру «Теңіз» кеніші жұмысшыларына ғана міндетті. Дегенмен, Теңіз кенішінен тыс жерде жұмыс істейтін екпе салдырған басқа мекемелердің вахталық қызметкерлері ПТР тестілеуден босатылады» деп хабарлайды Atr.kz

«Себебі, Теңіз кеніші бойынша, Жылыой ауданы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің №55 қаулысына сәйкес жұмыс істейді.

Ал, Теңіз кен орнынан басқа жерде вахталық әдіспен жұмыс істейтін және вакцинаны толық алған жұмысшыларға вахтаға кірерде, шығарда ПТР тест тапсыру міндетті емес» деп нақтылады Атырау облысының санитарлық – эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз-қызметі.

Атырау облысында эпидемиологиялық ахуал нашарлап тұр.  Бір  тәулікте облыста 526 адам Covid-19 жұқтырған. Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында  байқалып отыр.

Қазіргі таңда 1 803 науқас инфекциялық стационарларда ем алуда, 87 науқас реанимацияда жатыр. Өткен тәулікте Атырауда қауіпті инфекция салдарынан 3 адам көз жұмды.

Еске сала кетелік, 11 тамызда Атырау облысы бас мемлекеттік санитардәрігерінің Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі карантиндік шараларды күшейту туралы жаңа Қаулысы шықты.

«Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде вахталық әдіспен жұмыс істейтін кәсіпорындарындағы қызметкерлері вахтадан шығу (кіру) кезінде COVID-19-ға қарсы екпенің толық курсын  алғаны туралы құжаты болғанда COVID-19-ға ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшаулануды қажет етпейді. Екпе алмаған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар жұмысшылар 7 күн оқшаулауға жатады.

COVID-19-бен сырқаттанған науқаспен қарым-қатынаста болған (жақын қарым-қатынаста) адамдар вакцинациялаудың толық курсын алғанын растайтын құжаты болған жағдайда аурудың клиникалық белгілері болмаса ПТР әдісімен тексерілмейді және оқшауланбайды. Вакцина алмаған, жақын қарым-қатынаста болған, COVID-19-ға ПТР тестілеудің теріс мәнді нәтижесі бар адамдар 14 күн оқшаулауға жатады»делінген қаулыда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз