Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...

Адамдардан айрылмау үшін екпе алу керек: Махамбет Досмұхамбетов вакцина алуды кейінге қалдырмауға шақырды

Атырау облысының әкімі қала тұрғындарын COVID-19 вакцинасын алуды кейінге қалдырмауға шақырды.  

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов вакцинация мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс әкімі орынбасарларының, басқарма басшыларының және аудан әкімдерінің қатысуымен селекторлық режимде өткен кеңесте өңір басшысы вакцинация жұмыстары оның жеке бақылауында болатынын атап өтті.

— Соңғы он күндікте вакцинация динамикасы жақсарғанына қарамастан, аудандарда вакцинациялау бойынша көрсеткіш төмен.  Атап айтқанда, Жылыой ауданында халықтың 19,5%-ы, Мақат ауданында 28,2% — ы, Исатай ауданында 36,2%-ы, Қызылқоға ауданында 36,5%-ы егілді. Ахуалды тікелей бақылауымда ұстаймын, — деді аймақ басшысы.

Осыдан соң Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев статистикалық мәліметтерді ұсынды.

— Қазіргі уақытта Covid-19 вакциналарының I компонентімен 164 320, ал, II компонентімен 119 429 адам егілді. Аймақта 87 науқастың жағдайы ауыр. Реанимация бөлімшелерінде 15 адам ӨЖЖ аппараттарына қосылған. Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 1803 адам ем алуда, — деді ол.

Кеңес барысында Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімдеріне тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, вакцинациядан бас тарту себептерін анықтауды тапсырды.

— Вакцинацияланбағандар, ауырып жазылған адамдар сияқты қауіп аймағында болады. Егер біз адамдардан айырылғымыз келмесе және әдеттегі өмір ырғағына оралуды қаласақ, мүмкіндігінше көп адам екпе алуы керек», – деді аймақ басшысы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button