109 қызметі: 1 жылда 500 мың қоңырау, 50 мың өтінім қабылдаған
Халық пен билік арасына алтын көпір орнату үшін жүзеге асқан бірегей жобаға 1 жыл толды. Қанат қақты бастама, алғашында төтенше жағдайды қамтамассыз ету жөніндегі өңірлік штабтың call-орталығы ретінде жұмыс істеді. Өткен жылдың наурыз айынан бастап, бүгінге дейін бірыңғай байланыс орталығына тұрғындардан 500 мыңнан астам қоңырау келіп түсті.
- «109» — 2020 жылдың 7 қыркүйегінде ресми іске қосылды. Сол уақыттан бері, 50 мыңға жуық өтінім қабылданды. 109 қызметі қала тіршілігіне қатысты өтініштерді қабылдайды. Сұрақтардың бәрі автоматты түрде тіркеліп, бақылауға алынады. Кейін, өңделеді.
Орталықта 33 адам еңбек етеді. Халықтан түскен өтініштерді 8 диспечер мен 20 оператор қабылдайды. Олар үзіліссіз 4 ауысыммен жұмыс істейді.
ГҮЛДӘУРЕН ТЛЕГЕНОВА, 109 БІРЫҢҒАЙ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
— Тұрғындардан қоңырау көптеп түсіп жатыр. Біз құзіретімізге сай, халықтан келген өтініштерді жауапты сала өкілдеріне жедел жеткіземіз. Сұрақтың өзектілігіне байланысты кейде тексеру жұмыстары болады. Бұл процесс біраз уақыт алуы мүмкін. Осы кезде түсініспеушілік туындайды.
Бірақ, кері байланыс ретінде өтініш қалдырған тұрғынға міндетті түрде жауап қайтарылады. Проблеманың өзектілігіне орай жауапты органдарға ұсыныс беріледі. Қазіргі уақытта қала бойынша 37 мекемемен тығыз байланыста қызмет атқарудамыз.
Бірыңғай орталыққа өтінімдер 109 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу арқылы және мобильді қосымшалар мен электронды пошта (109@scatyrau.kz), Теlegram бот (@atyrau_109_user_bot) желісі мен atyrau.komek109. kz ашық порталы арқылы сондай-ақ, әлеуметтік желідегі atyrau_109 парақшасынан қабылданады.