Жарнама
Білім

Жатақхана неліктен дайын емес?

Жаңа оқу жылы басталып жатыр. Алайда, облыстағы жоғары оқу орындары мен колледж жатақханаларының кейбірі алыстан ат арытып келген студенттерді қабылдауға дайын болмай шықты.

Бұл жағдай «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының өкілдері мен облыстық, қалалық мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінің Атырау индустриалды колледжі жатақханасына мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында анықталды.

cde90830 d280 4827 9086 7a44d25993f3

Қыркүйек айының қарсаңында студенттер үйін тексеруге арналған шаралар екі аптаға созылып, барлығы 21 нысан қамтылды. Соның нәтижесінде колледж жатақханаларының бірқатарында ас бөлмелерінде ауа соратын және көп адам жиналатын орында желдеткіш құрылғыларының болмауы секілді проблемалар орын алды. Соңғы салынған жатақханалардың сапасының төмендігі байқалды. Оның ішінде пайдалануға берілгеніне бір жыл болмағандарының өзінде олқылықтар «менмұндалап» тұр. Бұл нысандардың бөлмеішілік есіктері бүлініп, сынған. Әйнектері шытынаған.

– Мәселеге байланысты оқу орнының басшылығын сынға ала алмаймыз. Өйткені бұл бұған дейінгі тапсырыс алушы компания жұмысының салғырттығын көрсетеді. Біз жатақхананың студенттердің өмір сүруіне ыңғайлы болуына басым мән беруіміз керек. Көптеген орындарда студенттердің жиналатын немесе бос уақытын тиімді пайдалануы үшін қажетті жағдайлар жасалмаған. Яғни, студенттік өмірді белсенді өткізу үшін шахмат ойнау, домбыра, гитара тарту бөлмелерін жасақтау секілді мүмкіндіктер мүлдем қарастырылмаған, — деді «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы.

25fd7000 8109 4164 a8eb e9f2ae9f6510

Мониторинг жұмыстары кезінде кездескен келеңсіздіктің барлығы есепке алынып, тіркелді. Сонымен қатар «Жастар рухы» жастар қанаты  жатақханаға орналасу кезінде қиындыққа тап болған студенттер үшін 8 776 558 44 39 нөміріндегі жедел желіні іске қосты. Ендігі уақытта студенттер үйіне қатысты қандай да бір мәселе, заңсыздық дерегі орын алса, республика көлемінде қосылған осы нөмірге хабарласуына болады. Ақпарат берушінің анонимділігі толықтай сақталады. Желіге тіркелген хабарлама сұрыпталып, жергілікті құзырлы орын басшылығына жолданады. Одан әрі сала мамандарымен бірге тиісті жұмыстар жүргізіледі.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button