Жасанды интеллект енгізіледі
Атырау облысының білім беру мекемелеріне жасанды интеллект енгізу мақсатында педагогтер үшін оқыту семинары ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысы «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында цифрландыру — мемлекет дамуының басым бағыттарының бірі екенін ерекше атап өткен болатын.
Білім берудегі цифрлық трансформация білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, соның ішінде оқу жоспарлары мен оқыту әдістерін жаңа технологиялық шындыққа бейімдеу үшін цифрлық технологияларды интеграциялау қажеттілік ретінде Ұлттык баяндамада талқыланады.
Айта кету керек, Президент тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ, «Astana hub» халықаралық технопаркімен және «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтерге арналған бағдарламалау негіздерін оқытатын онлайн-білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты.