Жарнама
Білім

Жаңа технология – жаңа мүмкіндік

Цифрлық технологиялар әлемдік даму бағытын түбегейлі өзгертіп жатқан кезеңде жасанды интеллект тек болашақтың емес, бүгіннің де ажырамас бөлшегіне айналды. Елімізде бұлүдеріске бейімделіп, өңірлік ерекшеліктергенегізделген тың білім беру модельдеріқалыптасып келеді. Солардың бірі – республика Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен жүзеге асырылып жатқан AI-Sana бағдарламасы. Бұл бағдарлама өңірлік еңбекнарығының сұранысына бейімделіп, IT мен өндіріс, экология мен энергетика сияқтысалаларды қамтитын болашағы зормамандықтарды даярлауға бағытталған. 

Бағдарламаның мазмұны, жүзеге асу жолдары мен болашағы туралы «С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы-ректоры Гүлзада Шакуликовамен сұхбаттасып, кеңінен білдік.

 Гүлзада Тәңірбергенқызы, қазіргі таңда әлемдік жоғары білім беру жүйесі жасанды интеллектке ерекше назар аударып отыр. Өзіңіз басқарып отырған С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде бұл бағыт қалай дамып жатыр?

​– Иә, бұл – күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Университет жасанды интеллектке бағытталған білім беруді стратегиялық басымдық ретінде белгілеп отыр. Осы мақсатта барлық білім беру бағдарламасына «Жасанды интеллект негіздері» пәні енгізілді. Сонымен қатар, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағыты бойынша «Жасанды интеллект жүйелерін жасау және енгізу» тереңдетілген курсы қосылды. Бұл пәндер математикалық модельдеуден бастап, машиналық оқыту мен нейрожелілерге дейінгі мазмұнды қамтиды. «Цифрлық этика», «Ақпараттық қауіпсіздік негіздері» атты модульдерді де оқу жоспарына енгіздік. Студенттер тек технологияны меңгеріп қана қоймай, оның қоғамға әсерін де бағалауды үйренеді Біздің міндетіміз – болашақ маман қандай салада еңбек етсе де, ЖИ негіздерін меңгеріп, оны кәсіби қызметінде тиімді қолдана алуы.

– Елде Республика Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен «AI-Sana» – студенттердің жасанды интеллект саласындағы дағдыларын дамытуға арналған бірегей бағдарлама қолға алынды. Бұл жоба мамандарды технологиялық өзгерістерге бейімдеуге бағытталғанынан хабардармыз. Осы туралы тоқталып өтсеңіз?

​– AI-Sana-ның басты ерекшелігі – теория мен тәжірибені тең үйлестіруі. Бір жағынан, студенттер алгоритмдік ойлау, деректер құрылымдары мен модельдеу дағдыларын игерсе, екінші жағынан, нақты жобалармен жұмыс істеу арқылы кәсіптік икемдерін дамытады. Python, TensorFlow, OpenCV секілді заманауи құралдар оқыту процесіне толық енгізілген. Біз Hackathon, Capstone project сияқты жобалық форматтарды кеңінен қолданамыз – бұл жастарды нақты салалық мәселелерді шешуге машықтандырады.

– Жасанды интеллектті меңгерген түлектерқандай салаларда сұранысқа ие болады?

​– AI-Sana түлектері үшін еңбек нарығы өтеауқымды. Біріншіден, ІТ-сектор: бағдарламалау, деректер талдау, AI жүйелерін ендіру. Екіншіден, өнеркәсіптік автоматтандыру мен смарт өндіріс, әсіресе робототехника мен IT саласы. Үшіншіден, энергетика мен экологиялық мониторинг – бұлсалаларда жасанды интеллект шығындарды азайтып, қауіпсіздікті арттырады. Атырау облысыныңэкономикалық құрылымын ескерсек, мұнай-газ жәнехимия өнеркәсібі үшін AI-мамандары аса қажет. Сондықтан біздің түлектер осы салаларда жоғарысұранысқа ие болады деген сенімдеміз.

– Ал өңірлік экономика үшін бұл бағдарламаның нақты қандай пайдасы бар?

​– Атырау облысы – Қазақстанның мұнай-газ индустриясының жүрегі. Бұл салада өндірістік процестерді оңтайландыру, шығындарды азайту, қауіпсіздікті арттыру және экологиялық мониторинг жүргізу – басты міндеттердің бірі. AI-Sana бағдарламасы арқылы даярланған мамандар дәл осы бағыттарда жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, интеллектуалды жүйелер мен автоматтандырылған бақылау құралдарын енгізу арқылы өңірдегі кәсіпорындардың тиімділігін арттыра алады.

​Бағдарлама түлектері деректерді талдау, болжау модельдерін құру, ақауларды ерте анықтау, интеллектуалды қызмет көрсету сияқты шешімдерді ұсыну арқылы мұнай-газ кешеніндегі цифрлық трансформацияны жеделдетеді. Сонымен қатар, экологиялық қауіпсіздік пен энергияны тиімді пайдалану салаларында да нақты үлес қосып, өңірлік экономиканың орнықты дамуына серпін береді.

– С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінде ашылған AI-Hub жасанды интеллект орталығы – университеттің цифрлық трансформация жолындағы маңызды бастамалардың бірі болып отыр. Осы туралы толығырақ айтсаңыз.

​– Университетте құрылған AI-Hub аясында студенттерге арналған коворкинг-аймақтар, зертханалар және стартап жобалармен жұмыс істеуге жағдай жасалған. AI-Hub орталығы – жасанды интеллект, машиналық оқыту, деректерді талдау және интеллектуалды жүйелерді әзірлеу салаларында терең білім мен тәжірибе беретін инновациялық алаң. Студенттер іріктеу арқылы қабылданып, жетекші жобаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады. AI-Hub білім беруді автоматтандыру, жасанды интеллект арқылы оқытушылардың жұмысын жеңілдету, студенттерге білімді жекелендіріп ұсыну жүйесін енгізу секілді үш бағытта жұмыс істейді.

– Стартаптар мен нақты жобаларға студенттерқалай тартылады?

​– AI-Hub орталығымызда инкубация, стартап акселерация алаңдары бар. Capstone жобалар арқылыстуденттер нақты бизнес-заңдылықтарымен жұмысістейді. «Қаржылық сауаттылық» пәні арқылыстартаптарын нарыққа шығаруға дайындалады. Университетте өткен AI-Hub хакатонында жобалар ірікомпаниялардың қолдауына ие болды.

– Бағдарламаның интернационализациясықалай жүзеге асуда?

​– Біз Қытай, Түркия, АҚШ университеттерімен нақты келісімдер жасасып, бірлескен жобалар жүзеге асырып жатырмыз. Erasmus+, DAAD, ITEC сияқтыбағдарламаларға қатысамыз. Академиялық ұтқырлық, халықаралық жазғы мектептер, шетелдікпрофессорлармен байланыс – AI-Sana-ны жаһандықбілім беру желісіне қосып отыр.

– Ал бағдарламаның нақты нәтижесі қалай бағаланады?

​– Бұл ретте халықаралық сертификаттар саны, Capstone жобалардың сапасы мен өндірістік маңызы, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші, жұмыс берушілердің кері байланысы, ғылыми және шығармашылық жетістіктер назарға алынады. Біздің студенттеріміз «Жігермұнайсервис» компаниясына арналған ақпараттық жүйе әзірлеп, пилоттық негіздеенгізуге ұсыныс алды. Бұл – бағдарламаның өміршеңдігі мен нарықпен байланысының нақты дәлелі.

 AI-Sana бағдарламасына қызығушылық танытқан жастарға қандай кеңес берер едіңіз?

​– Болашақ – технологияны меңгерген, бірақ адами қасиетін жоғалтпаған мамандардың қолында. Егер сен логикалық ойлауды, жобалық жұмыс істеуді, әлемдік трендтерді меңгеруді қалайтын болсаң – AI-Sana дәл сен үшін. Бұл тек білім емес – болашаққа апарар нақты жол.

– Әңгімеңізге рақмет! 

Алмас БАУЫРЖАНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button