Танымал 100 мектептің сапында!

img 20220901 wa0105 Білім

Тәуелсіздікпен бірге келген жетістіктер аз емес. Соның бірегейі – сонау 1990-1991 оқу жылында республика көлемінде тұңғыш Атырау облысында ашылған облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия. Шәкірт бойына ізгіліктің дәнін еккен білім ордасы – республикаға танымал 100 мектептің қатарында.

Қазір аталған білім ошағында 314 оқушы білім алып, оларға тәжірибелі 40 педагог дәріс беруде. Ал, биылғы жаңа оқу жылында 7 сыныпқа 54 оқушы қабылданған. Ұстазынан шәкірті озған гимназияны 2021-2022 оқу жылында 48 түлек бітірді. Оның 71%-ы грант иегері болса, 4-еуі шетелге оқуға түскен. 

Білім күні мерекесінде аталған білім ошағының директоры Нұрлыбек Даумов құттықтау сөз сөйлеп, шәкірттерге үлкен жетістік тіледі. Түрлі сайыста жеңімпаз болған оқушылар Бекарыс Орынғалиды, Жансая Какимованы, Айдана Қабиды, сондай-ақ, ҚР оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының Алғыс хатымен ұстаз Жайнагүл Сдихованы марапаттады.

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз