Жарнама
Білім

Жаңа оқу жылы: қандай өзгерістер бар?

Бүгін, 1 қыркүйекте еліміздің 8 мыңнан астам мектебінде жаңа оқу жылы басталды. Партаға 4 миллионнан астам оқушы отырды, олардың 360 мыңы алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Бұл – әр бала үшін маңызды әрі есте қаларлық күн.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім күнімен құттықтап, өткен оқу жылындағы маңызды жетістіктермен бөлісті. Оның айтуынша, қазақстандық оқушылар халықаралық білім сайыстарында 1 000-нан астам медаль жеңіп алған. Соның ішінде 193 алтын медаль – еліміздің білім сапасының жоғары екенін дәлелдейді.

Биылғы оқу жылы бірқатар маңызды жаңалықпен басталды.
Атап айтқанда, 232 жаңа мектеп пайдалануға берілді, 245 мектеп ғимараты жаңғыртылды, 500 мыңнан астам оқушы заманауи жағдайда білім алады.

Сонымен қатар оқу процесінде «Адал Азамат» бағдарламасы – оқушылардың адамгершілік және азаматтық жауапкершілігін арттыруды көздейді. “ДосболLIKE” жобасы – мектептерде буллингтің алдын алу мақсатында іске қосылады. Мектеп ішкі безендірілуіне бірыңғай дизайн-код енгізіледі, бұл оқу орындарының эстетикалық әрі танымдық ортаға айналуына көмектеседі. Жасанды интеллект оқу процесінде қолданылып, білім беру технологиялары жаңа деңгейге көтеріледі.

Колледж студенттері үшін жұмысшы мамандықтарын таңдаған студенттер колледждерде тегін оқиды. 5 колледж әлемдік компаниялармен және білім беру орталықтарымен серіктестікке кірісіп, студенттерге халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік береді.
Осындай жаңалықтар бөліскен еліміздің бас ұстазы Ғани Бейсембаев “жаңа оқу жылы табыстарға, сенімге және шабытқа толы болсын!» деп тілек білдірді.

Қ.ШӘКІРОВ

Сурет: gov.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button