Жарнама
Білім

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – ПАРЫЗЫМЫЗ

 Акция барысында мектепте мұқтаж отбасының балаларына қолұшын созу мақсатында қайырымдылық жәшігі орнатылып, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар мүмкіндіктері келгенше көмектерін ұсынды.

Шара аясында 11 оқушыға 78 мың теңге көлемінде, мектептің жалпыға бірдей міндетті оқу қорынан 20 оқушыға 150 мың теңге көлемінде  ақшалай, заттай көмек көрсетілді.

Жақсылықтың үлкен-кішісі деп емес, оның бар болғаны ғана пейілімізді жақсылыққа бұруға көмектесе түсетіндей. Әлеуметтік жағынан төмендеу балаға немқұрайлы қарамай, жанашыр қамқоршысы болып, алақан жылуын аямай, сауабы мол іске атсалысқан кент әкімі Б.Нұрғалиға, кәсіпкерлер Қ.Ахметовке, Ж.Махановаға, Б.Өтегеноваға, мектеп мұғалімдері мен ата-аналарға балалар ризашылықтарын білдірді. 

Айнұр  САТҚАНҒҰЛОВА,
мектеп психологі.
Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button