Жарнама
Білім

Ұстаз болып жаралған…

«ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ ӨЛМЕЙДІ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ» ДЕП БЕКЕР АЙТЫЛМАСА КЕРЕК. УАҚЫТ ЖЫЛЖЫП, ЗАМАН ӨЗГЕРГЕНІМЕН ҰРПАҚТЫ БІЛІМ НӘРІМЕН СУСЫНДАТҚАН ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ ЕСІМІНІҢ ҰЛТ ЖАДЫНАН МӘҢГІЛІККЕ ӨШПЕЙТІНІ, ТІПТІ ОНЫҢ МӘРТЕБЕСІ ЖЫЛ ӨТКЕН САЙЫН АРТА ТҮСЕТІНІ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ, КСРО ХАЛЫҚ МҰҒАЛІМІ, ПРОФЕССОР ҚҰСИЫН АЙТҚАЛИЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ІС-ШАРАДАН АЙҚЫН КӨРІНІС ТАПТЫ.

Өскелең ұрпаққа берер тәлім-тағылымы мол бұл шара «Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен және Махамбет ауданының әкімдігі мен мәслихатының қ о л д а у ы м е н ө т і п , о ғ а н облыс аумағынан бас қосқан ұлағатты ұстаздар, кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, Қ ұ с и ы н а ғ а й д ы ң ә р і п т е с шәкірттері мен ардагерлер қатысты. Осыдан екі жыл бұрын тоқсанға қараған шағында өмірден озған, есімі аңызға айналған абыз ұстаздың тұрған үйіне ескерткіш тақта қою рәсімімен басталған іс-шара Махамбет ауданының Алға ауылында Халық мұғалімінің өмірі мен ғылыми-педагогикалық ж ә н е ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ ғұмырнамасынан сыр шертетін «Ұстаз жолы» атты кешке ұласты. А л ғ а о р т а м е к т е б і н і ң акт залында «Қазақфильм» киностудиясының елі үшін еңбек еткен ұлы ұстаздың өмірі туралы ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында түсірілген деректі фильм көпшіліктің назарына ұсынылды. Көрерменін ерекше әсерге бөлеген фильм ұлағатты ұстаз есімінің шәкірт жүрегінде мәңгіге ұялап, болашағына бағдар беретін жарқыраған жарық жұлдыздай көрінетінін ұғындырғандай болды. Мәдениет үйінде өткен Халық мұғалімі, Атырау облысының Құрметті азаматы, профессор Құсиын Айтқалиевке арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты салтанатты жиын да көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнда шара қонақтарына жерлес қаламгер Сәтқали Әуелбаевтың «Аманат» драмасынан үзінді қойылды. Сахналық қойылымды кезінде өзінің туған ауылындағы халық театрының негізін қалаушы атақты ұстаздың шәкірттері мен түрлі мамандық иелері өнер көрсетті. Онда Құсиынның балалық және жастық шағындағы бейнесі шынайы сахналанды.

dfhkl

А ғ а р т у с а л а с ы н д а ғ ы жаңашыл ізденісі және ерен еңбегімен танылған ұстаз, республикада тұңғыш рет атаулы мектеп жұмыстарын ұ й ы м д а с т ы р у ш ы Қ ұ с и ы н А й т қ а л и е в к е а р н а л ғ а н салтанатты шарада Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Қ ы л ы ш б а й С ү н д е т ұ л ы ұстаз есімін есте қалдыру мақсатындағы жұмыстармен таныстырды. Ол Құсиын Айтқалиевқа арналған «Үздік п е д а г о г и к а л ы қ қ ы з м е т і үшін» төсбелгісіне үміткер педагогтардың құжаттарын саралайтын комиссия облыс бойынша үздік 34 ұстаздың о с ы м а р а п а т қ а л а й ы қ т ы деп тапқанын хабарлады. Төсбелгінің алғашқы иегері филология ғылымдарының докторы, профессор Қадыр Жүсіп болса, одан кейін Атырау қаласындағы №4, №22, №34, №38 орта мектептердің мұғалімдері Б.Әубекерова, Г.Қонарова, Н.Қадырғалиева, Г.Ботағариева, №15 мектептің директоры Қ.Махамбетов, И.Тайманов атындағы орта мектептің мұғалімі Ғ.Айтжанова, Құрманғазы ауданындағы Ә.Сәрсенбаев атындағы орта мектептің мұғалімі Р.Төлемісова, Жылыой ауданы №2 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі Н.Қорғанбаева, Индер ауданының М.Әуезов атындағы орта мектептің ұстазы Н.Аймұратова, «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің оқытушысы Н . Т ө л е г е н о в , М а х а м б е т а у д а н ы н д а ғ ы Д . Т ө л е н о в атындағы орта мектептің мұғалімі Л.Қайырғали және басқалар да атаулы төсбелгімен а л ғ а ш қ ы л а р д ы ң с а п ы н д а марапатталды. Салтанатты шарада Махамбет ауданы әкімінің орынбасары С в е т л а н а А м а н ш и е в а , а у д а н д ы қ м ә с л и х а т т ы ң хатшысы Қайыржан Мажиев, облыстық білім беру басқармасы әдістемелік орталығының б ө л і м б а с ш ы с ы Н ұ р г ү л Жайкина сөз алып, Құсиын Айтқалиұлының өнегелі өмір жолының кейінгі жастар үшін ғибрат-үлгіге толы екенін атап көрсетті. Саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесіне арнаған абыздың жолын жалғастырушы ұ л ы А й д ы н Қ ұ с и ы н ұ л ы ұйымдастырушыларға ризашылығын ерекше толғаныспен жеткізді. Жергілікті ақынсазгерлердің ұстазға арнаған әндерін орынд а ғ а н а у ы л жастары да мазмұнды кештің мәнін арттырды.

Мәлике ҚУАНЫШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button