Университет оқытушылары шетелде біліктіліктерін арттырады
Атырау мұнай және газ университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы шетелге біліктілік арттыру курстарына барады. Бұл маңызды бастамаға «AVC» қайырымдылық қоры демеушілік көрсетеді.
-Отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді қарқынды енгізу үшін жаңа ғылыми жетістіктермен танысу маңызды. Осы орайда оқыту процесін технологияландыру, шетелдік мықты ғалымдар мен педагогтардың еңбектерімен танысу атыраулық ұстаздардың кәсіби қызметіне серпін бермек. UTEBAYEV UNIVERSITY мен «AVC» қайырымдылық қоры арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында ұстаздарға арналған жобалар да қолға алынады, — дейді университеттің академиялық мәселелер және халықаралық қатынастар жөніндегі проректоры Нұркен Ахметов.
Сонымен қатар, аталған қор жаңа оқу жылында университеттің белсенді студенттеріне стипендия тағайындайды.
Мәлике МӘЛІК