Жарнама
Білім

«Үміт еткен көзімнің нұры – балам»

Облыстық білім беру басқармасының балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған семинар-практикум осылай деп аталды. Ерекше білім беруде қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуде ата-ананың педагогикалық ұжымымен ынтымақтастығын арттыруға арналған басқосуда бірқатар мәселе талқыға салынды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Семинарда сөз алған облыстық білім беру басқармасының бас маманы Қадыржан Сапаров өңірде ерекше білім беруді кажет ететін 6256 бала барын атап өтті. Қазір аймақта ерекше балаларға 3 ПМПК, 8 ПТК, 3 арнайы мектеп-интернат, 1 облыстық балалар оңалту орталығы және жеке түзету орталықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында биыл 2 инклюзивті қолдау кабинетін ашу жоспарлануда.

Семинар барысында оң нәтижеге қол жеткізген ата-аналар тәжірибесі насихатталып, мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық деңгейін арттырудағы ата-ананың ролі, Марблс тастары арқылы балалардың таным процестерін дамыту, МАК «Трансформация» арт техника, тағы да басқа тақырыптарға арналған шеберлік сыныптары өткізілді.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button