Атырауда оқушыларға арналған тегін IT-сынып ашылды

IMG 2518 15 09 18 03 27 Білім

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен оқушылар орталығында IT-сынып ашылды, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

IMG_2518-15-09-18-03-27

Облыстық «Нұр Отан» партиясының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, балаларға арналған тегін ІТ-сыныптарында негізгі оқыту бағдарламасы ретінде британдық «Love to code» бағдарламасының халықаралық білім франшизасы пайдаланылған. Әр сыныпта дәріс беретін мұғалімдер болады. Олар Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің базасында ашылған «ІТ-мамандарын даярлау орталығында» арнайы дайындықтан өткен.

«Нұр Отан» партиясының бастамасымен балалар үшін IT-сыныптың ашылуы елдің бас партиясының ерекше қамқорлығы деп білемін. Бұл заман талабына сай ашылған арнайы сыныпта 8 жастан 16 жасқа дейін балалар оқытылады. Қазір арнайы кесте жасақтадық. 6 топта 12 баладан бар», -дейді оқушылар орталығының директоры Айзада Түсіпқалиева.

Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жоба аясында Атырау облысында биыл 10 ІТ-сынып ашылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз