ҰБТ: Тестілеуді тапсыру жалғасуда
Өңірде мектеп бітірген 5 831 оқушының 4 274-і тестілеуге өтініш берген, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Бұл туралы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен тікелей эфирде Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова мәлімдеді.
— Биылғы оқу жылы мектеп бітірген 5 831 оқушының 272-сі «Алтын белгіге», 212-сі «Үздік аттестатқа» ие болды. 2020 -2021 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеу жаңа форматта өткізілді. Ұлттық бірыңғай тестілеу әрбір мектеп бітіруші түлекке 2 мәрте бақ сынап көруге мүмкіндік беріп отыр. Қазіргі таңда тестілеу тапсыру жалғасуда. Тестілеуге өтініш берген оқушы саны — 4274. Орта бал — 76,5. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда жоғары көрсеткіш (4 518 оқушы тестілеуге қатысқан, орта бал — 57,6). Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық басқарма тарапынан бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда, — деді Айнагүл Дүйсекенова.