Атырауда инклюзивті шығармашылық театрының презентациясы өтті

1 Жаңалықтар

    «Бізде адамбыз» қоғамдық қорының жетекшілігімен мүгедектігі бар жандар үшін «Талшын» инклюзивті шығармашылық театрының презентациясы өтті.

    Ерекше қажеттіліктері бар Атырау тұрғындары үшін психологиялық көмек пен оңалту жұмыстары қолжетімді болады.

 «Мүгедектігі бар адамдарды тиімді оңалту» жобасы аясында «Біз де адамбыз» қоғамдық қоры ТШО компаниясының қолдауымен эмоционалды қиындықтарды жеңуге және әлеуметтік бейімделу үдерісінен жеңіл өтуге көмектесетін психологиялық қолдау және логопедия кабинетін ашты.

2

     Кабинет мүмкіндігі шектеулі және сал ауруына шалдыққан тұрғындарды, инсульт алып, сөйлеу проблемаларына душар болған адамдарды қабылдауға дайын.

   – Кабинет «теңбе-тең» әдісімен жұмыс істейді. Сондай-ақ қор әлеуметтік нысандарда (емханалар, ауруханалар, әуежай, теміржол вокзалы және т.б.) мүгедектер арбасын пайдаланушыларды сүйемелдеу бойынша әдістеме және авторлық комикстер әзірледі. «Мүгедектіктің шекарасы бар» комиксі мүгедектігі бар адамдардың жұмыс табу, достармен уақыт өткізу, кейде тіпті азаматтық құқықтарын пайдалануға тырысқанда кездесетін дискриминация туралы баяндайды,-деген кабинет меңгерушісі Асылай Ақбергенованың өзі де мүгедектер арбасына таңылған жан.

3

    Мүмкіндігі шектеулі жандардан құрылған ұйымға қолдау білдіріп келген жандардың қатарында Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы да қатысты. Осындай ұйымдардың дамып жатқанына қуанышты екенін білдіріп, алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандардың ұсынысын тыңдап, көмек қолын созуға ниетті екенін жеткізді.

   Ұлболсын МАРСОВА,

Суреттерді түсірген Ерлан Алтыбаев

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз