ҰБТ тапсыруда жеңілдік пайда болды!

cl1wr4cn Білім

Биылдан бастап түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуді екі рет тапсыратын мүмкіндік берілді. ҚР білім және ғылым министрлігі осындай өзгеріс енгізді.

Атырау облыстық білім беру басқармасы басшыларының сөзінше талапкер мамырдағы тестілеу кезінде жақсы нәтиже көрсетсе, мемлекеттік грантты иелену үшін құжат тапсыра алады. Биылғы ҰБТ-ны өткізу ережелерінде осыдан басқа өзгеріс жоқ. Студенттер мен оқушылар бұрынғыша үйде отырып-ақ, тестілеу күнін белгілей алады.

«Егер талапкер мемлекеттік грант, арнайы гранттар, жергілікті атқарушы органдар мен вуздар бөлетін грантқа қаысқысы келетін болса, олар міндеттті түрде мамыр, маусым айында өтетін тегін түрде өткізілетін ҰБТ бару керек болады. Сонымен қатар информатика пәні биылдан бастап ҰБТ пән ретінде енгізіліп отыр. Яғни АЙТИ система, ақпараттық мамандықтарға баратын арнайы пәндерде информатика пәнін кейбір талапкерлер бізде таңдау пәні ретінде таңдай алады», — Атырау облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз