Атыраулық жас математиктер халықаралық додада топ жарды (+ВИДЕО)

olympiad course 1 Жаңалықтар

Елімізде Ә. Жәутіков атындағы математика, физика және информатика пәндері бойынша XVII Халықаралық олимпиадасы өтті. Онда жерлестеріміз жүлделі орындарға ие болды.

Жағымды жаңалықты Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлап отыр.

«Білім-Инновация» лицейінің математика пәнінің мұғалімі Әділет Райысовтың айтуынша, әлемдік пандемияға байланысты онлайн форматында өткен жарысқа Түркия, Греция, Тәжікстан, Ресей, Румыния, Әзірбайжан, Болгария және т.б. елдерден 990 дарынды оқушылар бақ сынады. Облысымыздан олимпиадаға 7 оқушы қатысып, соның ішінен 5 оқушы жүлделі орын иеленді.

«Халықаралық олимпиада үш пәннен өткізіледі. Мұндағы ереже бойынша әр облыстан бір команда құралады. Біздің оқушылар  тек бір ғана  олимпиадамен шектелмейді, тағы басқа олимпиадаларға  қатысады. Балалардың 7 сыныптан бастап өзі қалаған олимпиадаға қатысуына мүмкіндік бар. Олар әр додаға тыңғылықты дайындалады» деді ол.

Айта кеткен жөн, математика пәні бойынша алтын медальға Әділет Зауытхан,күміс жүлдеге  Айбек Мырзатай ие болды.  Физика пәні бойынша Ризабек Алпамыс  күміс жүлдемен, информатика пәні бойынша Әділ Сұлтанов күміс жүлдемен марапатталып, Даурен Мәскеуғалиев  қола жүлдеге ие болды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз