ҰБТ: биыл атыраулық түлектерге өзге өңірде жоқ мүмкіндік жасалуда
Бұл туралы Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова мәлімдеді. Оның айтуынша, атыраулық түлектер су тасқынына ұшыраған аймақтарға берілген мүмкіндікті пайдалана алады.
-Биылғы мектеп бітірушілер 25 мамыр мен 12 шілде аралығында екі мәрте ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуіне болады. Нақтырақ айтқанда, 14-20 мамыр аралығында талапкерлер тіркеліп, бақтарын сынауға дайындалады. Әрі қарай 25 мамырдан бастап тест тапсырады. Нәтижеге көңілдері толмаса, екінші рет өз нәтижесін жақсарту үшін 12 шілдеге дейін тағы бір мәрте тапсыра алады. Бұл балалардың ҰБТ-ны жақсы тапсырып шығуы үшін және психологиялық дайындығына мүмкіндік береді, — деді Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова.
Айта кетейік, Атырау облысында 2023-2024 жылы 149 мың оқушы мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарын аяқтайды. Оның ішінде 11 сыныпты аяқтайтын 6 мыңға жуық түлек бар. Олардың 97 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуде бағын сынап көрмек.