Жарнама
Білім

Түлектер мектепке кабинет жабдықтарын сыйлады

Мақат ауданындағы С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатының 2004 жылғы түлектері мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай орыс тілі пәні кабинетіне жабдықтар сыйға тартты.

Атырау облысы білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, соңғы үлгідегі оқушыларға арналған парталар мен мұғалім үстелін осы кабинетке жетекшілік ететін бір кездегі сынып жетекшілері Айман Сейітқалиеваға табыстады.

Айта кету керек, биыл С.Шарипов атындағы Доссор мектеп-интернатының іргесі қаланғанына 65 жыл толады. Мерейтой аясында түрлі салада жетістікке жеткен түлектермен кездесу жоспарланған.

Асылым ЖАҢАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button