«Болашақ» – біздің ортамызда!

«Болашақ» – біздің ортамызда Білім

Жуырда облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және тілдерді оқыту өңірлік орталығының ұжымы мен курс тыңдаушылары «Болашақ» бағдарламасының түлектері және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магис-трлерімен кездесті. Басқосудағы әңгіме «Мемлекеттік қызметкердің абыройы – мемлекеттің беделі» тақырыбында өрбіді.

%d0%b1%d0%be%d0%bb%d0%b0%d1%88%d0%b0%d2%9b-%d0%b1%d1%96%d0%b7%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%be%d1%80%d1%82%d0%b0%d0%bc%d1%8b%d0%b7%d0%b4%d0%b0

Аталған орталық директорының орынбасары Фарида Ахметова кездесудің мақсаты мен маңызына тоқталды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тоқтамыс Жұмағалиев өз саласындағы реформалар жөнінде әңгімеледі.

Басқосу барысында «болашақтық» түлектер тәжірибелерімен бөлісіп, шет елде білім алу мүмкіндіктері туралы айтты.  Атырау қалалық кәсіп-керлік және туризм бөлімінің сектор меңгерушісі Нұржан Ұзақбаев аталған мекемеде қызмет етіп жүріп, «Болашақ» бағдарламасымен  Шотландияның Эдинбург қаласындағы  Heriot-Watt университетінде  халықаралық есеп және қаржы мамандығы бойынша екі жылдан астам уақыт білім алып, магистр атанды.  «Болашақ» халықаралық стипендиясы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Елбасының идеясымен өмірге келді. Жиырма үш жылдың ішінде ауқымды бағдарламаға айналды. Осы уақыт аралығында аталмыш стипендия форма және мазмұны жағынан дамып, үміткерлерге қойылатын талаптары нақ-тыланып, болашаққа үмітпен қарайтын жастардың білім алу траекториясының бағдар тұтар нысанасына айналды деуге болады» дейді ол.

Кәсіпкерлік және индус- триялық-инновациялық даму басқармасының бас маманы Баршагүл Сақыпова үшін де «Болашақ» халықаралық бағдарламасы ерекше маңызға ие. Ол «Болашақ» стипендиясының кез-келген азаматқа қолжетімділігін айтады. Бұл жоба талантты жастарымыздың әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында «Магистратура», «РһD докторантура» бойынша білім алуына мүмкіндік беріп отыр.

Кездесуде тыңдаушылар «Болашақ» бағдарламасы арқылы оқуға түсудің шарттары, шет елде өмір сүру қиындығы туралы көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Жиынды қорытындылаған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов болашаққа салынған басты капиталдың қашанда білім болып қала беретінін атап өтті.

Рита Өтеуғали

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз