Жарнама
Білім

Төтенше жағдайда балаларды қолдау — басты міндет

Aймақтағы төтенше жағдайға байланысты облыстық білім беру басқармасы қажетті шараларды қабылдауда. Мәселен, су тасқынына байланысты алдымен Жылыой ауданы, содан соң Атырау қаласы мен Махамбет, Исатай өңірлеріндегі мектептерді онлайн оқуға көшіру жөнінде шешім қабылданды.
Онлайн оқуға көшу Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылдың қараша айындағы №349 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды.

Қазір облыс орталығы мен аталған аудандардағы балалар қашықтан білім алуда. Сонымен қатар, министрліктің тапсырмасымен оқушыларымыз ағымдағы бақылаулар БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) мен ТЖБ-ны (тоқсандық жиынтық бағалау) тапсырмайтын болды. Бұл — ең алдымен, қиын сәтте балаларды қолдау есебінде қабылданған шешім. Бүгінгі есеп бойынша эвакуациялық орындарда 900-ге жуық бала бар. Бұл сан күнделікті өзгеріп отыр. Бастапты кезде Маңғыстау облысында 2237 оқушымыз болса, қазір олардың саны азайды. Бұл балалар офлайн және онлайн түрде білім алды. Көп жағдайда ата-аналар тарапынан «тұрғылықты жерінен тыста жүрген балалардың дәстүрлі білім алуына болады ма?» деген сауалдар түсіп жатады. Қандай жағдайда да балаға білім беру міндетті болғандықтан маңғыстаулық әріптестеріміз адамгершілік пен ешқандай құжатсыз балаларымызға мектеп партасында білімдерін берді. Сонымен қатар, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің тарапынан көптеген қолдау болып, Құлсары қаласының ата-аналарына балаларды лагерлер мен Назарбаев зияткерлік мектептері, физика-математика мектептерінің жатақханаларына орналастыру бағытында ұсыныс берілді. Министрлік ұсыныс бергенімен оған ынталы ата-аналар болмады.
Осылайша, төтенше жағдай кезінде онлайн білім беруге көшіріліп, балаларды эвакуациялық пункттерге орналастыру, оларды қажетті оқу-құралдарымен қамтамасыз ету шаралары атқарылды. Жалпы, қазіргі кезде оқушыларымыз 7 эвакуациялық пунктте орналастырылған. Дегенмен, Майкөмгендегі және «Бәйшешек», «Мейірім» балабақшалары секілді кейбір пункттеріміз біртіндеп жабылса, адамдардың қолайлылығы үшін Құлсары қаласындағы №6 мектепте ашылды. Қазір ол жерде 23 бала бар.
Эвакуациялық пункттегі балаларға онлайн біліммен қатар, ұсынысқа сай гуманитарлық көмектер де көрсетілуде.
Облыста 500-ге жуық педагогтің тұрғын үйлері судан зардап шекті. Қиын жағдайда қалған ұстаздарымыздың жай-күйі назардан тыс қалмай, министрлік пен әкімдік тарапынан қажетті қолдаулар көрсетілуде.
Құлсары қаласындағы басқармаға қарасты 8 ғимарат тасқын судан зардап шекті. Оның ішінде бір колледж бен аудандық білім бөлімі орналасқан ғимарат суға кеткен болатын. Су қайтқаннан кейін шығын көлемі қаралып, мөлшері анықталып, заң шеңберінде тиісті жұмыстар атқарылатын болады.

Орынтай БИМАНОВА,
облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button