Жарнама
Білім

Тасқынның зардабы: оқушылар емтихан мен сынақты қалай тапсырады?

Су тасқынынан аса зардап шеккен өңірлердегі оқушылар биылғы емтихандар мен сынақтардан босатылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, Атырау мен Ақтөбе облысындағы оқушылар үшін БЖБ мен ТЖБ алынып тасталды. Бұл туралы Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте ҚР ОАМ ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы хабарлады.

«Білім алушылардың білім жетістіктері мониторингінен Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарынан 28 мектеп босатылды. Алты өңірде мониторинг 15 сәуірден 22 сәуірге ауыстырылды (Ақмола, Атырау, Ақтөбе, СҚО, Қостанай және БҚО). Қалған өңірлерде оқу штаттық режимде жүргізілуде», — деді спикер.

Министрлік оқу процесін ұйымдастыру бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Эвакуациялық пункттердегі балаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 2393 бала оқу процесін ұйымдастырумен бірге орналастырылды: бастауыш сынып оқушылары сауықтыру орталықтарына ата-аналарымен бірге жіберіледі; орта буындағы оқушылар республикалық маңыздағы инновациялық мектеп лицейлердің жатақханаларына орналастырылады («Дарын», РФММ, БИЛ және НЗМ); жоғарғы сынып оқушылары (9-11 сыныптар) уақытша колледждерге орналастырылады.

«Министрлік балаларға қосымша 3182 орын әзірлеп қойды», — деді ведомствоның ресми өкілі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button