Жаңа оқу жылы: МІНДЕТ пен МЕЖЕ

pgoengengne Білім

Atr.kz/28 тамыз, 2020 жыл. Еліміздегі қалыптасқан жағдайға байланысты жаңа оқу жылы қашықтан оқыту формасында басталады. Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен «Білім және ғылым: жаңа оқу жылының ерекшеліктері» тақырыбында өткен тамыз кеңесінде білім беру саласындағы жаңашылдықтар мен атқарылып жатқан жұмыстар талқыланды.

Болашаққа бағдар

А т ы р а у д а б і л і м б е р у қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесінде алғаш болып сөз алған аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов көпшілікті жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өткізіліп отырған алқалы кеңестің маңыздылығына тоқталды.

– Үлкен өзгерістер дәуірінде болашаққа бағдар жасайтын бұл алқалы кеңестің маңызы зор. Қазіргі уақыт балаларға з а ма н ғ а с а й б і л і м бе р і п , жаңашылдықтарға бейім етіп даярлауды талап етеді. Сондықтан, әлемдік ұлы көштен қалмау басты мақсатымызға айналуы тиіс. Бүгінгінің талабы — жасампаз, өзгерістерден қорықпайтын білімді де білікті жастар мен мамандар қалыптастыру. Бұл әрбірд е н с о ң Е л б а с ы н ы ң аманаты, Ел Президентінің де жүктеп отырған нақты міндеті, – деді Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

Жиын барысында өткен оқу жылының қорытындысы тыңдалып, жаңа оқу жылына қ ұ р ы л ғ а н ж о с п а р л а р нақтыланды. Бұл тұрғыда бірқатар ұсыныстар да айтылды.

Кеңеске қатысушылардың жаңа оқу жылының ерекшелігі мен өзгешелігі туралы баяндаған жанжақты пікірлерін тыңдаған өңір басшысы жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берді. – Біріншіден, облысымыздағы 5 апатты, 12 үш ауысымды мектептің проблемасын шешу керек. Үш ауысымды 6 мектептің мәселесі биыл біржақты етіледі. Қалған түйткілдерге қатысты тиісті жергілікті атқарушы орындар жұдырықтай жұмылып, тыңғылықты жұмыстар жүргізуі қажет.

Екіншіден, саладағы кадр тапшылығын реттеу қажет. Облыс бойынша білім саласына 497 маман жетіспейді. Аймаққа биыл 101 жас маман келді. Жергілікті бюджет есебінен үш жыл қатарынан мұғалім мамандығына грант бөлінуде. Биыл да бұл үрдіс өз жалғасын тапты. Мәселені түбегейлі шешу мақсатында қала, аудан әкімдері, білім беру бөлімдерімен бірге нақты реттеу жолын іздестіру керек. Сонымен қатар, білім саласын қажетті мамандармен қамтудың 5 жылға арналған қадамдық жоспарын ж а с а қ т а у д ы т а п с ы р а м ы н .

Үшіншіден, оқушыларға кәсіби бағдар беруде әлі күнге дейін жүйенің қалыптаспағанын көріп отырмыз. Бұл өз кезегінде оқу бітіріп, мамандық алған жас мамандардың жұмыссыздығын тудырады. Сондықтан, мектеп басшыларының жауапкершілігін а р т т ы р ғ а н а б з а л . Б і л і м беру басқармасы салалық басқармалармен бірлесе отырып, осы бағытта мектептерде жүйелі жұмыстарды жолға қоюы қажет. Бұл ата-аналардың шаруасын жеңілдетіп, маман тапшылығын болдырмауға ықпал етеді.

Төртіншіден, алдағы жылы енгізілетін білім саласын басқарудың жаңа жүйесіне дайындық жұмыстарын тиянақты жүргізу керек.

Бесіншіден, білім беру ұйымдарын цифрландыру жұмысын толық жүзеге асыру қажет. Сондай-ақ, оқушыларды оқытуда түрлі платформаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Махамбет Досмұхамбетов.

Компьютер қажеттілігі қалай шешіледі?

Аймақ басшысының орынбасары Бақытгүл Хаменова модераторлық еткен жиында білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, саланы жаңғырту мәселелері кеңінен талқыланды. Білім беру жүйесі үшін басымдыққа ие бағыттардың аймақтағы жүзеге асырылу жұмыстарымен қатар, алға қойылған міндеттер де басым айтылды.

– Облыста 355 мұғалімнің к о м п ь ю т е р л і к т е х н и к а ғ а д е г е н с ұ р а н ы с ы м е к т е п к о м п ь ю т е р л е р і н б е р у м е н шешілгелі отыр. Сондай-ақ, мұғалімдердің білім ордасына келіп жұмыс жасауына жағдай жасалады. Үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі жоқ үш мың балаға, яғни, 1800 отбасы үшін «Қазақтелеком» АҚ арқылы қосу жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, ұялы операторлармен келісімдер жүргізіліп, жалпыға міндетті оқу қорынан қайтарымсыз негізде үш мың роутер сатып алынуда. Бұл ретте бірінші кезекте көп балалы отбасылар мен аз қамтылған жанұялар есепке алынады. Сондай-ақ, интернет жылдамдығы төмен 47 мектептің 31-іне жылдамдықты көтеру үшін нақты шаралар қарастырылуда, – деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев.

Оның айтуынша, оқушыларға қажетті компьютер жетіспеушілігін шешу мақсатында жаңа оқу жылы басталғанша 15 246 мектеп компьютері қайтарымды келісіммен таратылып берілді. Жергілікті бюджет есебінен – 1611, ал, республикалық бюджет арқылы 1389 ноутбук алу жоспарлануда.

Бұдан басқа, 3 мың компьютерлік техника алынуда. Республикалық трансферт есебінен 18 510 компьютерлік техникаға қажетті қаражат бөлінді. Бүгінгі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 880 оқушысы бар 14 шағын жинақталған мектеп штаттық режимде жұмыс жасайды. Ал, 170 мектепте 1-4 сыныптың 22 962 оқушысын қамтитын 1622 кезекші сынып ашылады.

Кадр мәселесі – басты назарда

Білім саласындағы бірқатар өзгерістер сараланған жиында педагог кадрлардың тапшылығы баяндалды. Бүгінде облыста тиісті мамандар жетіспейді. Бұл ретте жоғары оқу орындарымен бірлесе жасалған жұмыстар өз нәтижесін береді деген сенім бар.

– Бұл проблеманы шешу мақсатында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Қ а з а қ ұ л т т ы қ қ ы з д а р педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қ а з а қ с т а н м е м л е к е т т і к университеті және Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеттерімен бірлесе отырып, жүйелі жұмыстар жасалды. Соның нәтижесінде жаңа оқу жылында облысқа жас мамандар келуде. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 20 маман еңбек жолын бастағалы отыр. Кадр тапшылығын жоюда оқу орындарымен бірлескен жұмыс жалғасын таба береді, – деді Бақытгүл Хаменова.

Осы орайда жоғары оқу о р ы н д а р ы т ү л е к т е р і н і ң еңбек нарығындағы бәсекеге қ а б і л е т т і л і г і т у р а л ы д а айрықша айтылды. Бәсекеге қабілеттілік – бүгінгі күні білім беру және мемлекеттік кадр саясаты саласындағы көкейкесті мәселе. Бұл ретте «жоғары оқу орындарындағы маман даярлау мәселесі қалай жүргізілуде?» деген сауал аясында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов баяндады.

– Қ а з і р ж а с т а р д ы кәсіпкерлікке үйретуге, өз бастамаларымен стартап жоба жасауға, университеттен кейін жұмысқа, еңбек ұжымына бірден араласып кетуге дайын болуға қажетті кәсіби құзыреттіліктің қандай болатындығы туралы база дайындалды. Осының негізінде б і л і м б а ғ д а р л а м а л а р ы н а өзгерістер енгіздік. Білім бағдарламалары облыстың 87 мекемесі және кәсіпорындарымен бірлесе отырып, жасақталды. Өйткені, жоғарғы оқу орны «тек өзім дайындай аламын» дейтін болса, оның ертеңгі түлегі тек «теоретик» болып шығар еді. Сондықтан, біз түлектің мейлінше тәжірибелік бағыты басым маман болуына мүдделіміз, – деді Саламат Нұрмұханұлы.

Біліктілікке басымдық берілуде

Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады. Осы орайда облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев педагогтардың беделін және олардың сапалық құрамын арттыруға айрықша мән беріліп отырғанын жеткізді.

«Еліміздегі педагог кадрларды кәсіби дамытудың жаңа тетіктері енгізіліп, мұғалімнің зерттеу қызметі негізгі аспектке айналды. Мұғалімнің мансаптық өсуінің жаңа жүйесі бойынша облыста педагогтардың модератор, сарапшы, зерттеуші, шебер санаттарының үлес салмағы 53 пайызды құрайды» деді ол.

Бүгінде қашықтан оқыту форматында оқушылар мен студенттерге сапалы білім беруде инновациялық жұмыстардың атқарар рөлі зор. Бұл жағдайда әрбір білім ордасына жүктелген жауапкершілік те жоғарылай түседі. Әр мектеп өздеріне ыңғайлы платформа таңдап, оны қашықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдеуі тиіс.

Осы бағытта Д.Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектепгимназияның директоры Досжан Болатбекұлы білім беру ұйымын басқару ісіндегі жаңашыл бастамаларымен бөлісті. Жиын барысында аймақ басшысының орынбасары Бақытгүл Хаменова қалалық және ауылдық мектептердің б і л і м б е р у с а л а с ы н д а ғ ы алшақтық, нәтижесі төмен білім беру ұйымдарын, білім алушылардың әлеуметтік осал санаттарын қолдау мәселесінің жолға қойылмауы секілді кемшін тұстарға тоқталды.

Алдағы оқу жылында білім беру ұйымдарының рейтингісін анықтайтын жобаның іске а с ы р ы л а т ы н ы т у р а л ы д а хабардар етті. Ж а ң а о қ у ж ы л ы н д а ғ ы міндет пен меже сараланған пленарлық отырысты облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қорытындылап, е ң б а с т ы мәселелерге баса назар аударды.

– Жаңа оқу жылы дәстүрден тыс жағдайда басталғалы отыр. Мұның барлығы оқушылар мен ұстаздарымыздың денсаулығының қауіпсіздігі үшін жасалуда. Өйткені, жағдай тұрақталып келе жатқанымен, қауіп әлі де сақталуда. Сондықтан, қандай кезеңде де «Білекті бірді, білімді мыңды жығатынын» қатаң есте сақтап, білім сапасына айрықша назар аудару қажет, – деді облыс әкімі Махамбет Жолдасқалиұлы.

Сондай-ақ, аймақ басшысы бәсекеге қабілетті ұрпақ т ә р б и е л е уд е м ұ ғ а л і м н і ң әлеуметтік мәртебесі мен беделін арттыруда облыс әкімдігі тарапынан қолдау көрсетілетінін баса айтып, бірқатар сала қызметкерлерін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» ж ә н е « Ы . А л т ы н с а р и н » төсбелгілерімен марапаттады.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз