Жарнама
Білім

Сұранысқа сай мамандық

Х.ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ «ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ» МАМАНДЫҒЫНЫҢ АШЫЛУЫНА 30 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ЦИФРЛАНДЫРУ ДӘУІРІНДЕГІ ТІЛДІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ЗАМАНАУИ МОДЕЛІ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ. ШЕТ ТІЛІ, ОСЫ САЛА БОЙЫНША БІЛІМ БЕРУ ҚАЗІРГІ ТАҢДА ҮЛКЕН СҰРАНЫСҚА ИЕ БОЛҒАНДЫҚТАН, АТАЛҒАН КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ МӘНМАҢЫЗЫ ДА ЕРЕКШЕ СИПАТТА ӨРБІДІ.

Университеттің басқарма төрағасы – ректоры Саламат Идрисов тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ел экономикасында шетелдік және бірлескен кәсіпорындар саны өсуіне байланысты нарықтың сұранысына сәйкес кадр дайындауға бел шеше кіріскен шетел тілі мамандығының ашылу тарихын атап өтті.

– Бүгінде білім беру технологиялары мен әдістерінің сәт сайын сараланып, үнемі толығуы, жалпы, тілдер бағытында кадр даярлау ісіне әрдайым жаңашылдықпен қарап отыруды қажет етеді. Жалпы тіл адами қарым — қатынастағы коммуникациялық құрал деп білсек, әрбір адам үшін ана тілінен өзге шетел тілдері ұлтаралық, мәдениетаралық, халықаралық қарым-қатынастарға жол ашатын коммуникациялық кілт деп қарастыруға болады. Үдемелі даму үстіндегі цифрлық кеңістікте тілдерді меңгертудің жаңа оқыту моделін құру, тілдік білім берудің тиімділігін арттыру – бүгінгі Жаңа Қазақстан талабы болып отыр, — деді Саламат Нұрмұханұлы.

Конференцияың пленарлық отырысында университет түлегі, 1996-2013 жылдар аралығында шетел тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі және әлем тілдері факультетінің деканы болған, қазіргі таңда Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті міндетін атқарушы Жайнаш Нұржанова, Канададағы Саймон Фрейзер университетінің, «Мүмкіндігі бар босқын балалардың білім беру тәжірибесін зерттейтін салыстырмалы халықаралық зерттеу» атты университетпен бірлескен халықаралық жобаның жетекшісі, профессор Роберт Уильямсон және т.б. шетелдік және қазақстандық мамандар офлайн/онлайн форматта баяндама жасады.

Кафедра өзінің 30 жылдық тарихында Атырау облысы ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірі және дүние жүзіндегі түрлі компанияларда жұмыс істейтін шет тілдерін жақсы меңгерген білікті мамандарды дайындап шығарғаны белгілі. Конференция аясында серіктес және жұмыс беруші «Теңізшевройл және «NCОC» компанияларының басқарушы директорлары, сонымен қатар Түркия елінен арнайы шетел тілі мамандығын оқуға келген Мехмет Гулер және елдің дамуы мен болашағына үлес қосып жүрген кафедра түлектері арнайы келіп, жылы лебіздерін білдірді.

Мамандар дайындау ісіне үлес қосқан бірнеше ұстаз «Халел Досмұхамедов» атындағы алтын медалі, Қазақстан жоғары оқу орындары қауымдастығының «Ахмет Байтұрсынов атындағы» күміс медалі және салалық Алғыс хаттар мен Құрмет грамотасымен марапатталды. Конференция барысында тыңдалған ғылыми баяндамалар, қабылданған ұсыныстар, талқыға салынған өзекті мәселелер ғылыми-практикалық, әдіснамалық жағынан нәтижелі болғаны анық.

Салтанат САНСЫЗБАЙ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button