Жарнама
Білім

САПАЛЫ БІЛІМ – КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

 

Жаңалыққа бастаған жоба

Халықаралық «Оқу мен Жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы еліміздің білім саласына 1997 жылдан бастап енді. Президенті филология ғылымының кандидаты –  Сапаргүл Мирсейтова. Аталған жоба республика мектептері үшін, сабақтарымызды бірсарындылықтан арылтып, шәкірттерімізді оқуға ынталандыруға  мүмкіндік беруде. Қазақстан және шет ел мамандары кеңесімен жүргізілетін «Сын тұрғысынан ойлау» (СТО) жобасымен 15 қоғамдық бірлестік жұмыс жүргізуде.

 

Соның  бірі –  Атырау облысындағы «СТО» қоғамдық бірлестігі. Бірлестік жұмысын Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжінің базасында жүргізіп келеді. Директоры – Сара Есқазиева.Облысымызда жылма-жыл С.Мирсейтованың, облыстық, қалалық оқу  бөлімдерінің қолдауымен семинар, конференциялар өткізіліп жүр. Ең бастысы, мұндай  басқосу мұғалімнің, баланың ізденісіне, зерттеуге бағытталған оқушы тұлғасына жол ашары сөзсіз.

Осы мақсатта Астана қаласында республикалық «Оқу мен оқырмандықты зерттеу: Халықаралық және Ұлттық тәжірибелер» тақырыбында  ұлттық оқу конференциясы өтті. Жиынға өз ісінің нағыз мамандары жиналды.

Конференцияға Атырау облысынан Қ.Дүтбаева атындағы  гуманитарлық  колледж  мұғалімдері М.Кульчикова, С.Есқазиева және зерттеу жұмысына баулыған колледж студенттері А.Ізтұрғанова, Т.Сүйіндікова, Ш.Ықсанова, А.Таңатова қатысты.

Үш күнге созылған конференция  «дөңгелек үстел», «альтернативті формат» бағытында ұйымдастырылды.  Конференцияда С.Есқазиева «Даму үрдісіндегі зерттеулер: Мағжан идеяларында» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамасында Мағжанның тәлім-тәрбиелік идеяларын зерттеу бағытында жүргізген тәрбиелік ойларына колледж студенттерін де баули білгенін айтты. Конференцияда С.Есқазиеваның баяндамасы жоғары бағаланды. Сонымен қатар, «Педагогтың кәсіби құзырлығын жетілдіру» тақырыбында М. Кульчикова баяндама жасаса, «Оқыту әдістерімдегі жаңаша көзқарас» тақырыбында өз ойымды ортаға салдым. М.Кульчикова екеуміз «RWCT тренері» деген сертификатқа ие болдық.

Жұмажан БЕКБОСЫНОВА,

Абай атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің

жоғары санатты мұғалімі,

Атырау қаласы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button