Жарнама
Білім

Атырауда 15 мыңға жуық бала мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі

Биыл елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларының балалары мектеп формасы және оқу құралдарымен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарованың айтуынша, әрбір оқушыға киім-кешек пен кеңсе тауарларын сатып алу үшін 40 мың 567 теңгеден бөлінеді.

Қаражат ата-аналардың есеп шоттарына аударылады. Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес санаттағы отбасының балаларына көмек көрсетіледі.  Атырауда бүгінгі есеп бойынша көмекке мұқтаж 14 мың 790 бала бар.

Қасиет Бахкерейқызы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button