Жарнама
Білім

Республикалық пәндер олимпиадасы мен конкурстардың жүлдегерлері марапатталды

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия ғимаратында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада мен ғылыми жобалардың, және шығармашылық байқаулардың қорытынды кезеңіне қатысып, жүлделі орын алған оқушыларды марапаттау шарасы өтті. Бұл туралы Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Аталған іс-шараға облыстық Білім беру басқармасының басшысы Г.Садуахасова, «Таланттарды анықтау және қолдау орталығының» директоры Р.Сарбалин, аудандық білім бөлімдерінің және облыстық білім беру мекемелерінің басшылары, құрметті қонақтар мен олимпиада жеңімпаздары қатысты.

Салтанатты шараны облыстық Білім беру басқармасының басшысы Гүлнара Садуахасова ашып, барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтап, шәкірттерге сәттілік тіледі. Басқарма басшысы Атырау өңірінің білімге құмар, ғылым мен өнердің биік шыңынан көрінген, облысымыздың мақтаныштары Халықаралық байқаулардың жүлдегері атанған 10 оқушыға, Республикалық пәндік олимпиадалар мен байқаулардың I орын иегері атанған 12 оқушыға, II орын иегері атанған 25 оқушыға, III иегері атанған 50 оқушыға дипломдар мен ақшалай сертификаттар табыстады.

Сондай-ақ, жүлдегер оқушылардың атынан облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11-сынып оқушысы Айдана Қаби мен Индер ауданы Махамбет атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Айталы Еділов құттықтау сөз сөйлеп, ұстаздарына алғыс айта отырып, жеңіс тұғырынан көрінген жас дарындарға тілектерін білдірді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button