snimok tabyldiev

Ректор. Ғалым. Ұстаз.

Білім
10 / 100

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «…Биыл қастерлі тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. Тарих тұрғысынан алғанда, отыз жыл – көзді ашып жұмғандай қас-қағым сәт. Дегенмен, бұл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Біз де осындай жолдан өтіп келеміз. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл – арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралатын, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін маңызды мезет» деп атап көрсеткен болатын.

 А л , Е л б а с ы Н ұ р с ұ л т а н Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемлекеттік маңызы бар мәселеге айналғанын баса айтқаны, «сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз» дегені есімізде.

Осы орайда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстандағы жоғары оқу орындары дағдарысы кезінде университеттерді басқарып, оны халықаралық деңгейге көтерген ректорлар корпусында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің 1991-1999 ж.ж. ректоры, ҚР Білім б е р у і с і н і ң ү з д і г і , Қ о ғ а м д ы қ Ғылымдар академиясының академигі, «Парасат» орденінің иегері, Атырау қаласының Құрметті азаматы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хисмет Табылдиевтің еңбегі зор деп есептеймін.

snimok tabyldievvv

Шынында Хисмет Бозанұлының Атырау педагогика институтын Х.Досмұхамедов атындағы өңірлік мемлекеттік университетке айналдыру бағытындағы ерен еңбегі айтарлықтай. Оның тарихшы ғалым ретінде Отан тарихы, ҰОС тарихы, өлкетану, археология, этнография және тарихтағы жеке тұлғаларға байланысты еңбектері бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Сондықтан Х.Табылдиевтің 85 жылдығы тұсында Атырау университеті мен Атырау өлкесінің тарихын жаңғырту ісінде оның еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалану жайын тағы бір мәрте ой елегінен өткізген жөн. Себебі, тәуелсіз даму өткенді мұқият зерделемей, келешекті кеңінен болжамай жүзеге аспайды. Атам қазақ «Тұлпарда да тұлпар бар – қазанаты бір бөлек, жігітте де жігіт бар – азаматы бір бөлек» деп ерекше құрметке бөленген азаматтарын барынша дәріптеп жатады. Өмірдің әркімге әрқалай болуы да заңды құбылыс. Үлкендердің «пешенеңе жазғанды көресің» деген даналық философиясына атеистік тұрғыдан көп мән бермегеніміз шындық. Тарихтағы ұмытылмас тұлғаларды халқымыз қандай тауқымет тартса да, естерінен шығармақ емес. Атырау өңірінде мұндай тұлғалар баршылық. Бар өмірін ұлттық тарих ғылымына арнаған ғалым-ұстаз Хисмет Бозанұлы Табылдиев соның бірі болды. Белгілі азаматтың ғылыми мұрасы мен өмірбаянының бастауы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті болатыны сөзсіз. Хисмет Табылдиев 1936 жылы дүниеге келген. 1962 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітірген. 1963 жылдан бастап Гурьев педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, 1992 жылдан бастап профессор болды. 1976-1991 жылдары аталған жоғары оқу орнының сырттай оқу бөлімінің проректоры, 1991-2000 жылдары университет ректоры қызметін атқарды.

Хисекең – ҚР Қоғамдық ғылымдар Академиясының академигі, 2000-2008 ж.ж. Атырау облыстық мәслихатының депутаты, хатшысы, «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық «Атырау » газеті бас редакторының орынбасары, университет ректорының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарды. Білікті де басшы аға «Парасат» орденімен, «Еңбек ардагері», «Ерен еңбегі үшін», «Қазақстанның 10 жылдығы», «Қазақстан Парламентінің 1 0 ж ы л д ы ғ ы » , « Қ Р ғ ы л ы м ы н дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «10 лет Ассоциации вузов Прикаспия», «60 років визволения Украіни від фашиствских загарбників» медальдарымен, «ҚР білім беру ісінің үздігі», «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Атырау облысы, Атырау қаласы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ол – Атырау қаласының, Атырау облысының және Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы.

Ғалым болу – жүрек қалауы. Шынайы ғалым саясат пен идеологиядан тыс. Бұл анықтама Қазақстан Республикасы қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хисмет Бозанұлы Табылдиевке қатысты айтылса керек. Зерттеуші-ғалым өзінің еңбектерінде теріс тенденциялардың негізгі себептерін а ш ы п к ө р с е т е б і л д і . О н ы ң пікірінше, теріс үрдістерге әсер еткен факторлардың ішінде, алдымен араб жазуынан латын, содан кейін кириллицаға көшу, сонымен қатар оқу-тәрбие жұмысын саясаттандыру, ең үлкен әділетсіздік Алаш зиялыларының шығармаларын оқуға тыйым салу болды. Хисекең өз өлкесінің білгірі болды.

snimoktt

 Оның тікелей қатысуымен аймақтың, тұтастай а л ғ а н д а , Б ат ы с Қ а з а қ с т а н н ы ң шежіресі құрылды. Сонымен қатар, Хисмет Бозанұлы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Атырау облысы жас ғалымдарының қалыптасуына маңызды рөл атқарды.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің жанынан құрылған «Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ Қазақстан Р е с п убл и ка с ы Т ә уе л с і зд і г і н і ң 3 0 ж ы л д ы ғ ы ж ә н е а к а д е м и к Х.Б.Табылдиевтің 85 жылдығына орай «Халықаралық қатынастар мен аймақтанудың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми онлайн-форумын өткізуді жоспарлап отыр.

Форумның негізгі мақсаты жаңа геосаяси конфигурация жағдайында Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін, халықаралық қатынастардың жай-күйі мен даму мәселелерін зерттеу және Қазақстанда өлкетануды дамыту, инновациялық қоғамдастық және халықаралық саясат саласындағы ынтымақтастық пен халықаралық ғылыми-практикалық ынтымақтастықты күшейту болып  табылады. Форумға Қазақстан, Ресей, Иран, Әзербайжан, Түркіменстан, жақын және алыс шетелдің ғалымдары мен мамандары қатысады деп жоспарлануда.

 Қ о р ы т а а й т а р ы м ы з , Х и с м е т Бозанұлы Табылдиевтің өмірі мен қоғамдық қызметі – Отанға адал қызмет етудің, шынайы ұлтжандылық пен жоғары жауапкершіліктің озық үлгісі.

Сайфолла САПАНОВ,

тарих ғылымдарының докторы,

Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы,

археологиясы және этнологиясы ғылыми-зерттеу

институтының директоры.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған