«Ел арна» мен «Балапан» телеарналарында оқушылар үшін сабақ өтеді

channels4 banner Білім

Atr.kz/26 наурыз, 2020 жыл. Сабақты Назарбаев зияткерлік мектептерінің, республикалық, халықаралық, жекеменшік оқу орындарының үздік мұғалімдері өткізеді.

 6 сәуірден бастап «Балапан» мен «Ел арна» телеарналарында 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ өтеді. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова мәлімдеді.

«Қазір әр күн осы телесабақтың арнайы түсірілімі жүріп жатыр. Балалар үшін екі мыңнан аса телесабақ дайындалады. Нұр-Сұлтан мектептерінің, Назарбаев зияткерлік мектептері, республикалық, халықаралық, жекеменшік мектептердің үздік педегогтері еліміздің барлық оқушысы үшін сабақ өткізеді. Мұғалімдерге тек қолдау керек», – деді Қаринова.

Қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап демалысқа шыққан еді. 6 сәуірден төртінші тоқсан басталады, балалар қашықтан оқытылады.

«Қашықтықтан оқыту мектепте қырық минутқа созылатын сабақ емес. Бұл жерде басқа әдіс, басқа принциптер қолданылады. Қиын-қыстау кезеңде мұғалімдерді онлайн сабақ түсіруге мәжбүрлеп жатыр деген жаңсақ пікірден аулақ болайық», – деді ол.

Қаринова мектептердің бір бөлігінде сапалы интернет жоқ екенін мойындады. Кейбір балаларда компьютер де жоқ. «Бұл мәселелердің әрбірі жеке шешіледі»,- деп атап өтті вице-министр.

Еске сала кетелік, қазіргі уақытта елімізде барлығы 88 адам коронавирус жұқтырды.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

http://atr.kz/bez-rubriki/el-prezidentine-koronavirusty%d2%a3-zha%d2%a3a-t%d2%afrin-zhyldam-any%d2%9btajtyn-test-tanystyryldy/
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз