Жарнама
Білім

Қызметке талапқа сай мамандар ғана қабылданады

“Атырау облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова өңірдегі үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесіп, сауалдарына жауап берді”, — деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында білім беру басқармасы мен ҮЕҰ арасындағы бірлескен жұмыстар, әлеуметтік жобалар, қосымша білім беруге арналған мемлекеттік тапсырыс мәселелері көтерілді.

–Жалпы педагогикалық қызметте біз мемлекеттік білім беру стандарттарына сүйенеміз. Мемлекеттік білім беру стандарттары талаптарына сәйкес келетін жағдайда ғана одан өзге де педагог қызметіне қойылатын талаптар бар, №338 бұйрықты басшылыққа аламыз. Осы талаптардың барлығына сай келетін мамандар ғана білім мен тәрбие саласында жұмыс жасай алады, — деді Орынтай Биманова.

Мәлике МӘЛІК

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button