studentter

Жоғары оқу ақысы қаншаға өседі?

Білім Жаңалықтар

Atr.kz/3 шілде, 2019 жыл. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жоғары білімнің ақысына қатысты пікір білдірді.

Бүгін үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында министрге «Жоғары білім ақысының 20-30 процентке өсетіні рас па?» деген сұрақ қойылды. Аймағамбетовтың айтуынша, қазіргі кезде министрлік аталған мәселемен айналысып жатыр.

«Өткен жылы заңда бір норма болды. Оған сәйкес, ақылы бөлімнің бағасы гранттың құнынан аспауы қажет. Заңға өзгеріс енгізілгеннен кейін ол норманы алып тастады. Сондықтан бүгінде жоғары оқу орындары ақылы бөлімнің бағасын өздері анықтайды. Дегенмен, қазіргі кезде біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Осыдан кейін мемлекеттік жоғары оқу орындарында білімнің ақысы қанша болатынын хабарлаймыз», – деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, үкіметтің бүгінгі отырысында министр грантқа түсе алмаған талапкерлердің қосымша грантқа таласуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, биыл қосымша 5 мың грант көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Гранттардың қаражаты трансфер арқылы жергілікті әкімдіктерге аударылады. Ал атқарушы органдар өңірдің қажеттілігін ескере отырып, нақты мамандықтардың тізбесін жасайды. Одан кейін конкурс негізінде гранттарды таратады.

Дереккөз: «Спутник Қазақстан»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған