Құрманғазы ауданындағы мектепке Рахымжан Отарбаевтың есімін беру ұсынылды
Бұл туралы Атырау облыстық мәслихатының төрағасы Мұса Хайруллиевтің төрағалығымен, облыс әкімінің орынбасары Марат Мурзиевтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс ІІ сессиясында айтылды.
Жиында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбіл Жоламанов аймақтағы білім беру ұйымдарына қайта атау беруді ұсынды.
— Атырау қаласы білім бөлімінің «№34 көпсалалы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Әбу Сәрсенбаевтың есімін, «Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына Бөлекбай Сағынғалиевтың есімін беруді, Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Рахымжан Отарбаевтың есімімен қайта атауды ұсынамын, — деді Ә.Жоламанов.