Жаңа бағдарлама жемісі

400px Atmgi main building Білім

Атырау мұнай және газ университеті базасында былтыр ақылы негізде «Foundation» оқу-білім бағдарламасы өз жұмысын бастаған болатын. Сынаққа «сақадай сай боламын» деп келген түлектерге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қала мектептерінің жоғары санатты мұғалімдері дәріс берді. Нәтижесі көңіл қуантарлық.

400px-atmgi_main_building

Биылғы оқу жылында да игі дәстүр жалғасын тауып, қазақ және орыс тілдері, математика, Қазақстан және дүниежүзі тарихы, география, физика және химия пәндері бойынша келер жылдың 25 мамырына дейін емтиханға дайындық сабақтары жүргізіледі. Мұның көп пайдасы бар. Мәселен, өткен оқу жылында дәріс тыңдаған студенттер кешенді тестілеуден сүрінбей өтіп,

Астрахан қаласындағы Әлемдік экономика және қаржы институтына оқуға түсті. Тиісті балл жинай алмағандарға да университетте оқуға мүмкіндік берілді. Өйткені, олар аталмыш бағдарламаға үзбей қатысқан еді. Университеттегі ғылыми кеңес шешімімен, университетке түскендердің оқу ақысына 10 пайыз жеңілдік берілетін болды. 

Өткен жылдың тамыз айынан бастап Атырау мұнай және газ университеті мен «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы бірлесе отырып, 2015-2016 оқу жылдары тәжірибе ретінде 3-4 курс студенттеріне екіжақты оқыту жүйесін енгізді. Сондай-ақ, 2016-2017 оқу жылынан бастап дуальды оқытуға «Жігермұнайсервис» және «Атырау мұнай өңдеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен келісімге отырды. Биылғы оқу жылында ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді сынаққа дайындаламын деуші мектеп түлектері болса, 36-62-08 және 8701-353-09-36 телефондарына хабарласуға болады.

Алпамыс  ҒИЛЫМОВ,

бағдарлама ұйымдастырушысы.

Атырау қаласы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз