АТЫРАУЛЫҚ БАЛАЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ КАСПИЙ ТЕҢІЗІ ЖАҒАЛАУЫНДА ТЫНЫҒЫП ҚАЙТТЫ

lagerь Білім

Атыраулық балалар Каспий теңізі жағалауындағы «Айналайын кэмп» лагерінде тынығып қайтты, деп хабарлайды AtyrauPress облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Балалардың Ақтау қаласындағы лагерде демалуларына «Қазақстан халқына» әлеуметтік қоры мүмкіндік жасады. Облыс бойынша 4 кезеңде барлығы 1000 баланы қамту жоспарланған. «Айналайын» лагері маған өте ұнады. Ақтау теңіз жағалауындағы керемет қала екен. Экскурсияға шықтық, бассейнге суға түстік, қызықты жақсы шаралар​ ​ ұйымдастырылды – дейді ​ Жылыой ауданы, Қосшағыл ауылы, № 2 мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушісі Дәурен Тоқсанов.

Маңыстау облысындағы лагерде ​ тынығып ​ қайтқан Тоқтар Өмірхановта ​ алған әсерімен бөлісті. «Ең бастысы көп дос таптым. Теңіздің әдемі көрінісін тамашаладым. Бізге осындай мүмкіндік сыйлаған жандарға алғысым шексіз » – дейді Тоқтар. Айта кету керек,​ осы жазғы маусымда Атырау облысынан 70 мыңнан астам оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланған. Бұл мақсатқа бюджеттен 760 млн теңге бөлінді.  

Мира НҰРТАЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз