Жарнама
Білім

Қайырымдылықпен айналысқан атыраулық оқушы министрліктің марапатына ие болды

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Жаңашаруа қазақ орта мектебінің «Алаш» мектеп парламентінің «Қамқорлық» фракциясының депутаты, 11 сынып оқушысы Нұрбек Теміржан ҚР Мәдениет және ақпарат вице- министрі Д.Қадыровтың алғысхатымен марапатталды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

Бұл туралы Атырау облыстық Әдістемелік орталықтың инстаграм парақшасында жарияланды.

“Нұрбек өз ауылында жағдайы шамалы үйде тұратын сексен жастағы әжейдің үйін көрсетіп,  “қолымнан келсе зәулім үй салып берер ем” деп  әлеуметтік желіге жазба қалдырады. Сондай-ақ өзі әжейдің үй шаруасына көмектесіп, оны желі арқылы жүктеп жүрген. Оқушының жазбасы көпшіліктің көңілінен шығып, бүкіл қызылқоғалық , атыраулық блоггерлердің қызығушылығына ие болды.  Оқушының бір ғана видеосы арқылы көпшілік қаржы жинап, блогерлер қолдап әжейге аз ғана уақыттың ішінде үлкен үй салып берген. 

 Кішкентай ауылда тұрып үлкен жақсылық жасаған оқушының қайырымды ісі ескеріліп, күні кеше мерекелік жиында Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов оқушыны Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Д.Қабыровтың Алғыс хатымен марапаттады”, деп жазылған жазбада.

Айта кетейік, Нұрбектің бойында  актерлік қабілет басым, қазіргі таңда «Жас талант» театрының актеры.

Халықаралық «Бала шабыты» байқауының театр жанры бойынша Гран-При иегері (2022 ж), Республикалық «Ұлы Жеңіс» байқауының театр жанры бойынша І орын иегері (2022 ж), Республикалық «Әбіш» оқуларына қатысып, «Дарын» орталығының арнайы «Грамотасымен» марапатталған. 

Облыстық «Біз таланттарды іздейміз» байқауынан театр жанры бойынша Гран-При иегері. 2023 жылы қазан айында өткізілген «Театрдың ғажайып әлемі» байқауының театр жанры бойынша «Гран При» иеленіп, Республикалық байқауда бақ сынады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button