Атырауда балаларға арналған қандай үйірмелер тегін болады?

Атырауда мәдениет, өнер бағытындағы балаларға арналған үйірмелер тегін болады.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев балаларға шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беретін заң жобасы туралы айтып берді.

  • Облыс әкімдігі тарапынан ендігі жерде балаларға арналған үйірмелер тегін ұйымдастырылатын болады. Қазіргі таңда ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен «балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік шығармашылық тапсырысты іске асыру» бағытындағы заң жобасы дайындалу үстінде.
  • Аталған заң аясында арнайы қағидаттар бекітіліп, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді әрі мәдени тұрғыда өткізуіне бағытталған үйірмелер жұмысын бастайды. Ендігі жерде мәдениет пен өнердің түрлі саласын қамтыған 59 түрлі үйірме 4 пен 18 жас аралығындағы балақайлар мен жасөспірімдердің рухани дамуына өз үлесін қосатын болады, – деді Ақылбек Рысқалиев.
blog 250319 18 40 01909220
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз