Жарнама
Білім

ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІНЕ – АтМГУ ГРАНТЫ

Республикалық «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиада жүлдегерлеріне қазақстандық жоғары оқу орындары білім гранттарын ұсынады.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті олимпиада жеңімпаздарына 50 грант ұсынып отыр. «ҰБТ-дан шекті балл жинаған олимпиада жүлдегері АтМГУ-да өзі қалаған білім беру бағдарламасы бойынша тегін оқу мүмкіндігіне ие болады», — деп хабарлады университеттің Сыртқы коммуникация және PR орталығы.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бүгін аппарат жиналысында мұндай қолдау шаралары дарынды балалардың әлеуетін жүзеге асыруға және еліміздің адами капиталын дамытуға үлес қосатынын атап өткен болатын.

Related Articles

One Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button